Шығыс Қазақстан облыстық
Әміре Қашаубаев
атындағы Семей мемлекеттік
филармониясы

Анонс

АЛДАҒЫ КОНЦЕРТТЕР
Өтетін күні: 27.02.2020
Басталуы: сағат 18.00
Семей…

Әміре Қашаубаев

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония директоры Айбек Серікболсынұлы Бекбосынов

Айбек Бекбосынов 26 мамыр 1983 жылы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде, Қазақ Ұлттық музыка академиясында (Шабыт), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде білім алған.

Мәдениет саласының үздігі. Республикалық «Құрманғазы» атындағы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. «Елбасы толғауы», «Алаш ұраны», «Саржал», «Мәңгілік», «Шәкәрім», «Тарбағатай», «Қорғалжың», «Дала» сынды халыққа кең тараған күйлердің авторы.

Жаңа қызметке дейін Айбек Бекбосынов Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Өнер орталығында», Қазақ Ұлттық өнер университетінде еңбек еткен.

Пайдалы сілтемелер

АЛДАҒЫ КОНЦЕРТТЕР

Құрметті Семей қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Сіздерді облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы классикалық әндердің кешіне шақырады!

Кеште республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді.

Өтетін күні: 27.02.2020
Басталуы: сағат 18.00
Семей қалалық мәдениет сарайы