Шығыс Қазақстан облыстық
Әміре Қашаубаев
атындағы Семей мемлекеттік
филармониясы

Анонс


жоқ хабарландырулар

Негізгі

Әміре Қашаубаев атындағы филармониясының
тарихы және қазіргі кездегі шығармашылық қызметі

Қазақ өнерінің қара шаңырағының бірі – облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының құрылғанына 2015 жылдың қазан айында 70 жыл толады.

1945 жылдың қазан айында Республикалық Жамбыл атындағы филармониясына қарасты Семейдің концерттік- эстрадалық бюросы (КЭБ) ашылып, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары аймағында концерттік жұмыстар жүргізе бастады. Казақ ССР Министрлер Советі жанындағы Өнер істері жөніндегі басқарманың 1947 жылдың 17 қаңтарындағы № 13 бұйрығымен Семейдің концерттік- эстрадалық бюросы Республикалық Жамбыл атындағы филармониясы қарамағынан алынып, Семей облыстық атқару комитетінің Өнер істері жөніндегі бөлімінің қарамағына берілді.

1965 жылдың 19 тамызы күні қабылданған Қазақ ССР Мәдениет министрлігі алқасының қаулысы және бұрынғы Семей облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1965 жылы 19 қараша күні № 511-22 шешімі негізінде Семей облыстық мемлекеттік филармониясы құрылды.

Қазақ ССР Министрлер Советінің 1969 жылғы 29 шілде күнгі қаулысымен филармонияға атақты әнші Әміре Қашаубаевтың аты берілді.

Осы жылдары Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясында қазақ өнерінің айтулы қайраткерлері еңбек етті. Бұл күнде өмірден озған Қазақстанның халық артисі Мәдениет Ешекеевті, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Болат Сыбановпен Дауыл Хайруллин ҚР Мәдениет қайраткерлері Келденбай Өлмесеков, Роза Байдалина, филармония директорлары – Мәулен Масалимов, Мархаба Есболатова, Сағи Мекішов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, дирижер, профессор Мырзағали Айдаболов, дирижер ҚР мәдениет қайраткері Рахымбек Ноғайбаев, көркемсөз шебері Ануарбек Иманғожин, композитор Жолдыбай Дәстенов, талантты музыкант Ғабит Көпбаевт, бас әкімші Рымғали Мамырхановтарды филармония ұжымы әрдайым құрметпен еске алады.

Филармонияда әр жылдары директор қызметін М.Валитов, Маулен Масалимов, Есболатова, Мархаба Керемкулова,Сағи Макишев, Мұрат Әлин, Балтабек Ерсәлімов, Аймұханбет Бейсембеков, Оразғали Сейтқазы атқарса, қазіргі уақытта Адай Азаматов басқаруда.

Филармониясының шығармашылық ұжымдары мен әншілері әр жылдары Франция, Германия, Испания, Италия, Венгрия, Россия, Украина, Қытай, Түркия, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. алыс-жақын шет елдерде өнер көрсеткенсе, 1992 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігінің бір жыл толуына орай Москваның әлемге әйгілі Чайковский атындағы концерт залында мерекелік концерт берді.

Филармонияның «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрі 2006 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Сарыарқа» фестиваліне қатысып, республикамыздың алдыңғы қатардағы 4 оркестрінің бірі ретінде саналды.

Филармония директоры Адай Зейнолдаұлы Азаматов

Филармония директоры Адай Зейнолдаұлы Азаматов

1994 жылы «Қайсар» төсбелгісімен,

2001 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен,

2003 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат

министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

2014 жылы «Моңғолия елінің құрметті азаматы» атағын алды,

2014 жылы Моңғолия елінің «Баян-Өлгей аймағының 70-жылдық мерейтойы» медалімен марапатталды,

2015 жылы «Жарма ауданының құрметті азаматы» атағын алды,

2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
құрметті азаматы.

2016 жылы Моңғолия елінің Баян-Өлгей аймағындағы «Қазақ театрының 60-жылдық мерейтойы» медалімен, 

2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы»

медалімен марапатталды.

2017 жылы «Абай мұражайы» төсбелгісімен марапатталды.